2021 жылдың 1 қараша айына аудан бюджетінің кірістері жоғары бюджеттен түскен трансферттерді қоса алғанда 106,0 пайызға орындалды, жоспар 7 257 704,9 мың теңге кезінде кассалық орындалуы 7 690 693,7 мың теңгені құрады. Бюджеттің шығыс бөлігі трансферттерді қоса алғанда 98,8 пайызға орындалды, жоспар 7 257 704,9 мың теңге кезінде 7 172 907,5 мың теңгеге игерілді. Аудан бюджеттің шығындарын игеру мынадай деректермен сипатталады:
| (мың теңге) | ||||
| Бюджеттік сыныптама кодтары | Атауы | 2021 ж 1 қараша айына | Орындалуы | |
| жоспар | кассалық орындалуы | |||
| Шығындар | 7 257 704,9 | 7 172 907,5 | 98,8 | |
| 01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер | 275 094,2 | 274 841,6 | 99,9 |
| 02 | Қорғаныс | 36 299,9 | 36 299,2 | 100,0 |
| 03 | Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі | 12 097,0 | 12 097,0 | 100,0 |
| 06 | Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру | 625 586,4 | 625 110,6 | 99,9 |
| 07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 1 003 416,7 | 958 091,3 | 95,5 |
| 08 | Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк | 334 810,8 | 334 806,3 | 100,0 |
| 10 | Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары | 98 135,7 | 98 135,0 | 100,0 |
| 11 | Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі | 21 706,2 | 21 697,0 | 100,0 |
| 12 | Көлiк және коммуникация | 404 331,0 | 365 602,4 | 90,4 |
| 13 | Басқалар | 150 969,0 | 150 969,0 | 100,0 |
| 14 | Борышқа қызмет көрсету | 72 679,0 | 72 679,0 | 100,0 |
| 15 | Трансферттер | 4 208 117,8 | 4 208 117,8 | 100,0 |
| 16 | Қарыздарды өтеу | 14 461,2 | 14 461,2 | 100,0 |