Меню

Страницы

Статья

БАҚ-на ақпараттық хабар

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның (бұдан әрі – Конституциялық заң) 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфир мен баспа алаңын берудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді тиісті бұқаралық ақпарат құралдары сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей  (2021 жылғы 9 шілдеден кешіктірмей) хабарлануға және жариялануға тиіс.

Бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың үгіттік материалдарын орналастыру, тарату үшін эфир уақытын, баспа алаңын эфирге және баспа алаңына ақы төлеу мөлшері, ұсыну шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер жарияланғанға дейін ұсына алмайды. ҚР ӘҚБтК-нің 112-бабына сәйкес заңнаманың осы нормасын бұзу лауазымды адамдарға - 30 АЕК мөлшерінде, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойынша эфир мен баспа алаңын берудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер аудандық аумақтық сайлау комиссияларына берілуге тиіс.

Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясы Актобе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, каб. 140,

код: (87132); тел.: 54-15-75; 54-72-11,  е-mail: tic_akt_obl@saylau.kz

Дата публикации
09 июля 2021
Дата обновления
09 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
2026 жылғы 1 қыркүйек айына Мәдениет және спорт басқармасы бюджетінің атқарылуы
21 октября 2026
2026 жылғы 1 казан Маржанбұлақ ауылдық округі бюджетінің орындалуы
21 октября 2026
2026 жылғы 30 қыркүйек айына Алға ауданы «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша бюджеттің атқарылуы.

Социальные медиа

algaakimat
Alga Aydany Akimdigi

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы