2021 жылдың 1 шілде айына аудан бюджетінің кірістері жоғары бюджеттен түскен трансферттерді қоса алғанда 119,3 пайызға орындалды, жоспар 3 690 443,2 мың теңге кезінде кассалық орындалуы 4403 577,4 мың теңгені құрады Бюджеттің шығыс бөлігі трансферттерді қоса алғанда 100,0 пайызға орындалды, жоспар 3 690 443,2мың теңге кезінде 3 690 362,6 мың теңгеге игерілді.Аудан бюджеттің шығындарын игеру мынадай деректермен сипатталады:
| (мың теңге) | ||||
| Бюджеттік сыныптама кодтары | Атауы | 2021 ж 1 шілде айына | Орындалуы | |
| жоспар | кассалық орындалуы | |||
| Шығындар | 3 690 443,2 | 3 690 362,6 | 100,0 | |
| 01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер | 115 285,9 | 115 281,5 | 100,0 |
| 02 | Қорғаныс | 22 772,3 | 22 770,9 | 100,0 |
| 03 | Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі | 880,0 | 880,0 | |
| 06 | Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру | 303 880,1 | 303 851,5 | 100,0 |
| 07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 248 682,1 | 248 680,3 | 100,0 |
| 08 | Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк | 147 798,9 | 147 759,3 | 100,0 |
| 10 | Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары | 45 254,2 | 45 253,3 | 100,0 |
| 11 | Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі | 13 153,2 | 13 149,2 | 100,0 |
| 12 | Көлiк және коммуникация | 26 500,0 | 26 500,0 | 100,0 |
| 13 | Басқалар | 5 501,0 | 5 500,9 | 0,0 |
| 14 | Борышқа қызмет көрсету | 37 493,0 | 37 493,0 | 0,0 |
| 15 | Трансферттер | 2 708 781,3 | 2 708 781,3 | 100,0 |
| 16 | Қарыздарды өтеу | 14 461,2 | 14 461,2 | 100,0 |