Алға аудандық сайлау комиссиясының Қ А У Л Ы С Ы
Алға ауданының ауылдық округ әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Алға аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алға ауданының мынадай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалсын:
- Тоқмансай ауылдық округі әкімінің;
- Үшқұдық ауылдық округі әкімінің.
- Ауылдық округтердің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 26 маусымнан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2021 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Ауылдық округтердің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2021 жылғы 14 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы Алға аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінде жариялансын.
Алға аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Нұрмағамбетова
Алға аудандық сайлау комиссиясының хатшысы М.Ағниязова
Алға қаласы, 2021 жылғы 25 маусым, № 10