«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамтыу 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылға жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту негізі жылдық жоспар 2926 адам. 3170 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланып отыр.
Бүгінгі күнге «Еңбек» бағдарламасының бағыттары бойынша келесі көрсеткіштер:
Жұмыссыздарды бос жұмыс орындарына орналастыруға – 592 адам жолданды, жоспар 1760 адам.
Жастар тәжірибесіне – 32 адам жолданды, жоспар 127 адам.
Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша- 60 адам жолданды, жоспар 127 адам.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға – 551 адам жолданды, жоспар 793 адам.
Қысқа мерзімді оқыту бойынша – 59 адам, жоспар 85 адам.
«Бастау бизнес» курсына - 70 адамды оқыту жоспарлануда. Оқуға 79 адамға жолдама берілді. Қазіргі таңда 41 азамат оқуды аяқтап, сертификат алды.
Қайтарымсыз гранттар бойынша 78 грант бөлінді. Орындалғаны – 22.
Шағын несиелендіруге ағымдағы жылға 28 жоба (120 млн тг.) несие жоспарланып отыр. Орындалғаны – 35 жоба (152,2 млн тг).
Ұрпақтар келісімшарты бойынша жоспар 6 адам, 3 адам жолданды.Бұл жоба бойынша зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыс істеп жүрген жұмыскерді кейін «Еңбек» бағдарламасына қатысушымен жұмысқа орналастыруға бағытталған қызмет. Бағдарлама қатысушысы кемінде 12 айға тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырылады
Бірінші жұмыс орны бойынша жоспар 7 адам, орындалғаны 3. Аталған жоба алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, 29 жастан аспаған, оның ішінде жұмыс тәжірибесі жоқ жастар үшін жүзеге асырылады. Бұл жобаның ерекшелігі жұмыс беруші тұрақты жұмыс орынға 24 айдан кем емес мерзімге жұмысқа орналыстырылады. Яғни бастапқы 12 ай жалақысын Жұмыспен қамту орталығы арқылы төленіп, келесі 12 ай жалақысы жұмыс беруші өз қаражатынан жүргізуі қажет.
Қазіргі таңда жұмыссыз саны – 953 (5,1%). Жылдың соңында 3,0% көлемінде жұмыссыздық деңгейі болады деп жоспарлануда. Жастар жұмыссыздығы бойынша 394 жас тіркеліп, 2,4% құрайды.