Меню

Страницы

Статья

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық  (аукцион) өткізу туралы хабарландыру. Құрметті әлеуетті сауда-саттыққа қатысушылар! «Ақтөбе облысы Алға аудандық  ауыл шаруашылығы,жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ  2021 жылдың 12 мамырында сағат 11:00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі бағасын көтеру әдісі бойынша электрондық аукцион өткізеді.

Аукционға қатысуға өтінім беру ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидасына» сәйкес қабылданады. Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу аукцион өткізу туралы хабарландыру тізілімнің веб-порталында жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.

Аукционға қатысу үшін мыналарды:

1) жеке тұлғалар үшін: — жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: — бизнес сәйкестендіру нөмірін  (бұдан әрі – БСН), толық  атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін  екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу  шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін  (почталық мекенжайы, телефоны, факс,  e-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын-ала тіркелу қажет.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қол қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің  веб-порталында тіркеу қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша  тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді  қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион сату объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша басталады.

Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз  ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат болып табылады.

Сатып алу-сату шарты немесе жалдау шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦК пайдалана  отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік  он күннен аспайтын мерзімде оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын  мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.

Аукционға  қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың төмендегі шотына төленеді:

Төлемді алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ;  БСН: 050540004455; ТТК: 171; БЕК: 16.

Банк аталуы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ; ЖСК: KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX.

Төлем мақсаты: Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.

Назар аударыңыз! Жеңiмпазға ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда кепiлдiк жарнаны қайтармайды.

Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар аукционға қатысушы бірыңғай операторға тізілімнің веб-порталында қатысушының қол қойылған ЭЦҚ арқылы, өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.

Бағаны көтеру аукционы:

1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі осы Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады;

2) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірі осы Қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;

3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

Жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.

Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға көтеруді кемінде екі қатысушы жүзеге асырады.

Аукционға бағаны көтеру әдісімен келесі сату объектілері қойылады:

№

Жер учаскесінің мекен-жайы

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Жер учаскесінің алаңы  (га)

Сату объектісі (құқық түрі)

Жер учаскесіне шектеулер мен ауыртпашылық тар

Бастапқы баға* (теңге)

(3 жылға кадастр құнының 6%-ы)

Кепілдік жарна жер учаскесінің 5 % құрайды, бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек (теңге)

Жер учаскесіне

1 жылға

қойылатын жалдау төлемі (теңге)

1

Алға қаласы, Есет батыр көшесі, №20 Г учаскесі

үй-жайларды (құрылыстар мен ғимараттарды) орналастыру және қызмет көрсету (Шаштараз)

0,0050

3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

Иеліктен шығару құқығынсыз, техникалық қызмет көрсету және инженерлік желілерді жөндеу үшін пайдаланушы қызметтердің және кәсіпорындардың жер учаскелеріне кедергісіз өтуін қамтамасыз ету.

930

145 850

380

2

Алға қаласы, Есет батыр көшесі, №20 В учаскесі

үй-жайларды (құрылыстар мен ғимараттарды) орналастыру және қызмет көрсету (Дүкен)

0,0300

3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

Иеліктен шығару құқығынсыз, техникалық қызмет көрсету және инженерлік желілерді жөндеу үшін пайдаланушы қызметтердің және кәсіпорындардың жер учаскелеріне кедергісіз өтуін қамтамасыз ету.

5580

145 850

2277

3

Маржанбұлақ а/о, Маржанбұлақ ауылы, Самара-Шымкен тас жолының бойы, №21 учаскесі

үй-жайларды (құрылыстар мен ғимараттарды) орналастыру және қызмет көрсету (АГЗС)

0,1999

3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

Иеліктен шығару құқығынсыз, техникалық қызмет көрсету және инженерлік желілерді жөндеу үшін пайдаланушы қызметтердің және кәсіпорындардың жер учаскелеріне кедергісіз өтуін қамтамасыз ету.

17 991

145 850

1247,4

4

Маржанбұлақ а/о, Маржанбұлақ ауылы, Ақтөбе көшесі, №24 учаскесі

үй-жайларды (құрылыстар мен ғимараттарды) орналастыру және қызмет көрсету (Тігін шеберханасы)

0,0359

3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

Иеліктен шығару құқығынсыз, техникалық қызмет көрсету және инженерлік желілерді жөндеу үшін пайдаланушы қызметтердің және кәсіпорындардың жер учаскелеріне кедергісіз өтуін қамтамасыз ету.

3231

145 850

259

5

Қарақобда а/о, Ерназар ауылы, Н.Ашыкбаев көшесі, №9/1 учаскесі

үй-жайларды (құрылыстар мен ғимараттарды) орналастыру және қызмет көрсету (мал бордақылау алаңы)

0,2500

3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

Иеліктен шығару құқығынсыз, техникалық қызмет көрсету және инженерлік желілерді жөндеу үшін пайдаланушы қызметтердің және кәсіпорындардың жер учаскелеріне кедергісіз өтуін қамтамасыз ету.

18 000

145 850

1800

6

Бестамақ а/о, Бестамақ ауылы, Достық  көшесі, №32 учаскесі

үй-жайларды (құрылыстар мен ғимараттарды) орналастыру және қызмет көрсету (СТО)

0,1200

3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

Иеліктен шығару құқығынсыз, техникалық қызмет көрсету және инженерлік желілерді жөндеу үшін пайдаланушы қызметтердің және кәсіпорындардың жер учаскелеріне кедергісіз өтуін қамтамасыз ету.

12 960

145 850

864

7

Үшқұдық а/о, Жерұйық ауылы, Бірлік көшесі, 65 учаскесі

үй-жайларды (құрылыстар мен ғимараттарды) орналастыру және қызмет көрсету (монша)

0,7026

3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

Иеліктен шығару құқығынсыз, техникалық қызмет көрсету және инженерлік желілерді жөндеу үшін пайдаланушы қызметтердің және кәсіпорындардың жер учаскелеріне кедергісіз өтуін қамтамасыз ету.

50 587

145 850

4047

* Ескертпе: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі N 890 Қаулысы на сәйкес, жер учаскелерiн жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерi жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалық) құнының пайызымен мынадай мерзiмдер бойынша:
      10 жылға дейiн, оны қоса алғанда - жыл сайын 2%;
      11 жылдан 30 жылға дейiн - 20%, 10 жылдан жоғары әр жыл сайын 1,5% қосылады;
      31 жылдан 49 жылға дейiн - 50%, 30 жылдан жоғары әр жыл сайын 1% қосылады.

Ұйымдастырушы: «Ақтөбе облысы Алға аудандық  ауыл шаруашылығы,жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ, анықтама алу үшін телефон: 8(71337) 4-10-37.

Дата публикации
23 апреля 2021
Дата обновления
23 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
2026 жылғы 1 қыркүйек айына Мәдениет және спорт басқармасы бюджетінің атқарылуы
21 октября 2026
2026 жылғы 1 казан Маржанбұлақ ауылдық округі бюджетінің орындалуы
21 октября 2026
2026 жылғы 30 қыркүйек айына Алға ауданы «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша бюджеттің атқарылуы.

Социальные медиа

algaakimat
Alga Aydany Akimdigi

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы