|
№ |
Айтылған ескертулер және ұсыныстар |
Орындалуы |
|
1. |
Алға қаласының Ленин, Әубәкір көшелерін жөндеу |
Алға қаласының жөндеуді қажет ететін 12 көшесіне ЖСҚ даярланды. Соның ішінде Әубәкір көшесі мен Ленин көшесінің жаңадан құрылған екі жақ бөлігі қарастырылған. Бүгінде бюджеттік өтінім берілді. Жоба қаражат көздері бөлінуіне қарай жүзеге асырылады. |
|
2. |
Алға қаласының А.Байтұрсынов көшесіндегі №21 үйінің ауласында балалар алаңының құрылысы |
2020 жылы Алға қаласы көп қабатты тұрғын аулаларын абаттандыру жұмыстары басталды. Жоба екі жылға қарастырылған. Өткен жылы аулаларға асфальт жабындысы төселді. Ағымдағы жылы мердігер балалар ойын алаңдарын салу жұмыстарын бастауда. Жобада А.Байтұрсынов № 21 үйінің ауласында балалар алаңының құрылысы қарастырылған. |
|
3. |
Қайнар ауылында спорт алаңының құрылысы |
Қайнар ауылына балалар спорт алаңын салу бойынша 0,8 млн теңге ЖСҚ дайындауға бөлінді. Сәуір айының соңында мәслихат сессиясы кезінде бөлінген қаржы Алға аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінен Тоқмансай ауылдық округі әкімінің аппаратына ауыстырылатын болады. Қаржы ауыстырылған соң, Тоқмансай ауылдық округі футбол алаңы құрылысына ЖСҚ дайындауға байқау жарияланады. |
|
4. |
Маржанбұлақ ауылының батыс тұрғын алабына электр желісін өткізу |
ЖСҚ әзірленуде. Бас жобалаушы "АЛИМ-ЕР" ЖШС. Келісім шарт құны 1,4 млн теңге. 2021 жылдың шілде айында сараптамаға енгізу жоспарланған. |
|
5. |
Бесқоспа ауылының жаңа тұрғын алабына су жүйесін жүргізу |
ЖСҚ жобалауға аудандық бюджеттен 7,1 млн теңге бөлінді. Бас жобалаушы «Жобалық шешім» ЖШС. ЖСҚ жобалау жұмыстары аяқталып, мемлекеттік сараптамадан 2021 жылдың 15 ақпанындағы № 04-0044/21 оң қорытынды алынды. Жалпы сомасы186,3 млн теңге. |
|
6. |
Еркінкүш ауылын газбен қамту |
ЖСҚ жобалауға аудандық бюджеттен 6,7 млн теңге бөлінді. Бас жобалаушы «Актбгражданпроект» ЖШС. ЖСҚ жобалау жұмыстары аяқталып, мемлекеттік сараптамаға жолданды. |
|
7. |
Богословка-Алға-Тоқмансай автомобиль жолының Есет батыр-Қайнар учаскесінің жөндеуін аяқтау |
Богословка-Алға-Тоқмансай автомобиль жолының Есет батыр-Қайнар учаскесінің жөндеу жұмыстары 2017 жылы бастау алып, казіргі күнге дейін жалғасуда, яғни, жоба ауыспалы болып табылады. 2020 жылы 11,5 км автомобиль жолы асфальттталып, қалған 24 км жолды аяқтау жөнінде Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен келіссөздер жүргізілуде. |
|
8. |
Алға-Самбай жолын жөндеу |
Алға Самбай 15 км автомобиль жолының жөндеу жұмыстарына демеушілік арқылы жобалық сметалық құжаттар дайындалып, сонымен қатар сараптаманың оң қорытындысы алынып, жалпы құны 606,9 млн. теңгеге Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. |
|
9. |
Қарақұдық ауылына кіре-беріс жолының құрылысы |
Қарақұдық ауылына 9 км кіре-беріс жолының құрылысы жұмыстарына жалпы құны 598,7 млн. теңгеге Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. Қаражат бөлінуіне байланысты жұмыстар жалғасады. |