Аудандық мәслихаттың 23.09.2020ж. № 424 ««Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешімі бойынша әлеуметтік көмек Алға ауданында тұратын мұқтаж азаматтарға беріледі.
2021 жылға «007 бағдарлама» бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті бюджет есебінен 122592,0 мың тг. қаражат бекітілді, оның ішінде 1 наурызына төленген қаражат 9600,0 мың тг. құрайды:
- оқитын мүгедек балалардың ата-аналарына - 30 отбасына 300,0 мың тг.;
- онкологиялық аурулармен және туберкулездің әртүрлі ауруларымен ауыратын (6 ай мерзімі) - 138 адамға 8173,0 мың.тг.;
- коммуналдық қызметтер үшін ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген және адамдардың басқа да санаттарына - 118 адамға 1026,4 мың тг.;