Меню

Страницы

Статья

«Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы АНЫҚТАМА

          Әлеуметтік көмек:

      Атаулы әлеуметтік көмекке 2024 жылға 116377,0 мың теңге қаражат бөлінді.1 жартыжылдықта алушылар саны 1062 адам,109 отбасын құрады. Яғни 35859,8 мың теңге төленді.

Әлеуметтік  төлемдер бойынша:

2024 жылға жергілікті бюджеттен аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй
көмегін тағайындау үшін 2937,0 мың тг. қаржы қаралды. 2024 жылдың 1 жартыжылдығында  26 отбасындағы 72 адамға тағайындалып, 335,1 мың тг. төленді.

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың         жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек:

Онкологиялық аурулардан зардап шегетін азамматтарға, адамның
иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, ай сайын ұсынылатын аудандық аурухана ұсынған тізім негізінде, жылына 6 айға дейінгі амбулаториялық ем алу мерзіміне 10 АЕК мөлшерінде 183 адамға  40536,9 мың теңге төленді.

2024 жылдың басынан Алға ауданында мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек 17 отбасыға 2440,0 мың теңге тағайындалып төленді.

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға 100 АЕК мөлшерінде 35 отбасыға біржолғы жәрдемақы төленді.

      
        Жекелеген санаттар бойынша даталы және мерекелік күндерге жүргізілген әлеуметтік төлемдер:

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023 жылғы 28 желтоқсанда өткен кеңес отырысының хаттамасын орындау мақсатында аудан бойынша Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығарудың 35 жылдығына орай және Алға аудандық мәслихатының шешіміне сәйкес ауған соғысының ардагерлеріне біржолғы ақшалай көмек 50,0 мың тг. көлемінде, 42 адамға 2100,0 мың теңге қаржы төленді.

Сонымен қатар, 9 мамыр – Жеңіс күніне орай:
ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тыл ардагерлеріне, ҰОС қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері мен ҰОС кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның зайыбына (жұбайы)  біржолғы ақшалай төлем жүргізілді. Барлығы аудан бойынша 169 адамға 28680,0 мың теңге қаржы төленді.

Мүгедектігі бар адамдарды  оңалту бағдарламасы бойынша:

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту бағдарламасы бойынша
68 жүріп-тұруы қиын І топ мүгедектігі бар адамға 68 жеке көмекші
қызмет жасайды. Жеке көмекшілердің қызметіне бюджеттен 83493,0 мың теңге қаржы қаралған. Игерілгені -41400,0 мың теңге.

18 тіл-құлақ кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарға - 1 ымдау тілі маманы қызмет көрсетеді, ымдау тілі мамандарына 2024 жылға 9196,0 мың теңге қаржы қаралып, 4180,0 мың теңге  төленді.

Оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша мүгедектігі бар адамдарға:

Гигиеналық құралдар – 176 адамға;

Протездік-ортопедиялық көмек–70 адамға;

Тифлотехникалық құралдар – 26 адамға;

Сурдотехникалық құралдар – 3 адамға;

Кресло - арбалар -16 адамға;

Санаториялық курортқа - 111 адамға берілді.

Денсаулық сақтау басқармасының жолдамасымен ҚР аймағында  емделуге барғандардың жол шығындарына төленетін өтемақы 18 адамға – 604,6 мың теңге жұмсалды.

Сонымен қатар, мүгедектігі бар жандарды  тасымалдау (инватакси) қызметін ұйымдастыруға  бюджеттен бөлінген 3000,0 мың теңге, 67 адамға қызметтер көрсетіліп,  1446,5 мың теңге  игерілді.

Үйден әлеуметтік қызмет көрсету бойынша аудан бойынша                           18 мүгедектігі бар  балалар, 45  жалғызілікті қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға 12 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді.

Үйде оқитын 34 мүгедек баланың ата-анасына әлеуметтік көмек ретінде 797,9 мың теңге төленді.

Дата публикации
03 марта 2021
Дата обновления
03 марта 2021
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
2026 жылғы 1 қыркүйек айына Мәдениет және спорт басқармасы бюджетінің атқарылуы
21 октября 2026
2026 жылғы 1 казан Маржанбұлақ ауылдық округі бюджетінің орындалуы
21 октября 2026
2026 жылғы 30 қыркүйек айына Алға ауданы «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша бюджеттің атқарылуы.

Социальные медиа

algaakimat
Alga Aydany Akimdigi

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы