Меню

Страницы

Статья

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру туралы

Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 203 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 мамырда № 6199 болып тіркелді

       Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар, 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  2. Сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар, 2 қосымшаға сәйкес берілсін.
  3. Алға ауданының әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

       1) Алға ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 330 "Сайлау өткiзу кезеңiнде кандидаттардың үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiлеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4022 тіркелген, 2014 жылғы 9 қыркүйекте аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған);

       2) Алға ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 258 "Сайлау өткiзу кезеңiнде кандидаттардың үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiлеу туралы" Алға ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 330 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4427 тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

  1. "Алға ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қонжарға жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі

Н. Алдияров

      КЕЛІСІЛДІ:

      Алға аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясының төрайымы

      А. Нурмагамбетова

      " " сәуір 2019 жыл

 

Алға ауданы әкімдігінің

 

2019 жылғы 24 мамыр

 

№ 203 қаулысына № 1 қосымша

 Алға ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

№

Қала және ауылдық округтердің атауы

Қала немесе елді мекен атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

 

1

Алға қаласы

Алға қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Ленин көшесі, 128 А мекен жайында орналасқан "Султан " сауда үйі алдындағы стенд

 

Жәдігер көшесі, №3 мекен жайында орналасқан "Алға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алға аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны алдындағы стенд

 

Есет батыр көшесі, 24 мекен жайында орналасқан Алға аудандық орталық аурухана аялдамасы алдындағы стенд

 

С.Сейфуллин көшесі, 21 мекен жайында орналасқан "Дина" Сауда үйі алдындағы стенд

 

5 шағын аудан №2 мекен жайында орналасқан "Назран" Сауда үйі алдындағы стенд

 

Ш.Уалиханов көшесі, 19 Б мекен жайында орналасқан "Ансар" Сауда үйі алдындағы стенд

 

А.Байтұрсынов көшесі, 71 мекен жайында орналасқан "Алина" дүкені алдындағы стенд

 

2

Үшқұдық ауылдық округі

Үшқұдық
ауылы

Комсомольская көшесі №14, мекен-жайында орналасқан "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Үшқұдық мектеп-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

 

Жерұйық
ауылы

Бірлік көшесі №10, мекен жайында орналасқан "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жерұйық негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

 

3

Тамды ауылдық округі

Тамды ауылы

Т.Ахтанов көшесі №5 мекен жайында орналасқан "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тамды орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

 

Талдысай ауылы

Желекті көшесі №13 мекен жайында орналасқан "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Талдысай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

 

Еркінкүш ауылы

Нұрлы көшесі №6, мекен жайында орналасқан "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін-күш бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

 

4

Қарақұдық Ауылдық округі

 Қарақұдық ауылы

Федорченко көшесі №59А, мекен жайында орналасқан "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарақұдық орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

 

Көктоғай ауылы

Интернациональная көшесі №48А, мекен жайында орналасқан "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Көктоғай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

 

Тікқайын ауылы

Комсомольская көшесі №47, мекен жайында орналасқан "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тікқайын негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

 

5

Сарықобда ауылдық округі

Сарықобда ауылы

Жастар көшесі №21Б мекен жайында орналасқан "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сарықобда орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

 

Болгар ауылы

Әбубәкір Кердері көшесі №16 мекен жайында орналасқан "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Болгар мектеп-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

 

6

Тоқмансай ауылдық округі

Қайнар ауылы

Әлия Молдағұлова көшесі №25, мекен жайында орналасқан "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тоқмансай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

 

Тоқмансай ауылы

Төлеу Жаманбаев көшесі №25, мекен жайында орналасқан "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тоқмансай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ғимаратының алдындағы стенд

 

7

Қарағаш ауылдық округі

Самбай ауылы

 Молдағұлова көшесі №1А, мекен жайында орналасқан "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд.

 

Нұрбұлақ ауылы

Шарапат көшесі №49Б, мекен-жайында орналасқан "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Нұрбұлақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд.

 

8

Қарахобда ауылдық округі

Қарақобда ауылы

Мектеп тұйық көшесі №9, мекен жайында орналасқан "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарақобда мектеп балабақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

 

Құмсай ауылы

Достық көшесі 33, мекен жайында орналасқан "Құмсай медициналық пункті" ғимаратының алдындағы стенд

 

9

Ақай ауылдық округі

Ақай ауылы

Фоменко көшесі №41А, мекен жайында орналасқан "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алдындағы стенд

 

Көлтабан ауылы

 Береке көшесі № 23А, мекен жайында орналасқан "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Көлтабан бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

 

10

Бестамақ ауылдық округі

Бестамақ ауылы

Бөкенбай батыр көшесі №54, мекен жайында орналасқан "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бестамақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

 

Бөкенбай батыр көшесі №46, мекен жайында орналасқан "Алға аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының "Бестамақ ауылдық Мәдениет үйі" ғимаратының алдындағы стенд

 

Бесқоспа ауылы

Есет батыр көшесі №3А, мекен жайында орналасқан "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бесқоспа орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

 

11

Бесқоспа ауылдық округі

Есет батыр Көкіұлы ауылы

Ш.Уалиханов көшесі № 14 мекен жайында орналасқан, "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Есет батыр атындағы мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

 

12

Маржанбұлақ ауылдық округі

Маржанбұлақ ауылы

Абай Құнанбаев көшесі №71, мекен жайында орналасқан "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Маржанбұлақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алдындағы стенд

 

Абай Құнанбаев көшесі №69, мекен жайында орналасқан "Алға аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының "Маржанбұлақ мәдениет үйі" ғимаратының алдындағы стенд

 

Қайындысай ауылы

Ы.Алтынсарина көшесі № 2А, мекен жайында орналасқан "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қайындысай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

 

13

Қарабұлақ ауылдық округі

Қарабұлақ ауылы

Әйтеке би көшесі №138, мекен жайында орналасқан "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарабұлақ мектеп бала-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд.

 

Амангелді ауылы

Әбілхайыр хан көшесі №68, мекен жайында орналасқан "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Амангелді негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

 

 

Алға ауданы әкімдігінің

 

2019 жылғы 24 мамыр № 203 қаулысына

 

№ 2 қосымша

           

 Сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар

№

Қала және ауылдық округтердің атауы

Кездесу орны

1

Алға қаласы

Алға қаласы, Жәдігер көшесі № 3, "Алға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алға аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының акт залы

2

Бестамақ ауылдық округі

Бестамақ ауылы, Бөкенбай батыр көшесі № 46, "Алға аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының "Бестамақ ауылдық Мәдениет үйі" акт залы

3

Тамды ауылдық округі

Тамды ауылы, Есет батыр Көкіұлы № 103, Тамды ауылдық мәдениет үйінің акт залы

4

Қарағаш ауылдық округі

Самбай ауылы, Центральная көшесі № 2 А, Самбай ауылдық мәдениет үйінің акт залы

5

Маржанбұлақ ауылдық округі

Маржанбұлақ ауылы, Абай Құнанбаев көшесі № 69, "Алға аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының "Маржанбұлақ мәдениет үйі" акт залы

6

Қарақұдық ауылдық округі

Қарақұдық ауылы, Федоренко көшесі № 59 А, "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарақұдық орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спорттық залы

7

Қарабұлақ ауылдық округі

Қарабұлақ ауылы, Әйтеке би көшесі № 138, Қарабұлақ ауылдық мәдениет үйінің акт залы

8

Ақай ауылдық округі

Ақай ауылы, В.В.Фоменко көшесі 41 А, "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы

9

Тоқмансай ауылдық округі

Қайнар ауылы, Әлия Молдағұлова көшесі № 23, Тоқмансай ауылдық клубының акт залы

10

Бесқоспа ауылдық округі

Есет батыр Көкіұлы ауылы, Ш.Уәлиханов көшесі № 27, Есет батыр Көкіұлы ауылдық мәдениет үйінің акт залы

11

Сарықобда ауылдық округі

Сарықобда ауылы, Жастар көшесі №21 Б, "Алға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сарықобда орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы

12

Қарақобда ауылдық округі

Қарақобда ауылы, Алтынсарин көшесі№ 9, Қарақобда ауылдық клубының акт залы

13

Үшқұдық ауылдық округі

Үшқұдық ауылы, Центральная көшесі № 21А, Үшқұдық ауылдық мәдениет үйінің акт залы



Дата публикации
07 декабря 2020
Дата обновления
07 декабря 2020
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
2026 жылғы 1 қыркүйек айына Мәдениет және спорт басқармасы бюджетінің атқарылуы
21 октября 2026
2026 жылғы 1 казан Маржанбұлақ ауылдық округі бюджетінің орындалуы
21 октября 2026
2026 жылғы 30 қыркүйек айына Алға ауданы «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша бюджеттің атқарылуы.

Социальные медиа

algaakimat
Alga Aydany Akimdigi

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы