Меню

Страницы

Статья

Білім беру саласындағы республикалық бюджеттен берілетін нысаналы және ағымдағы трансферттердің түрлері

2020 жылы Алға ауданында білім беру саласына  республикалық  бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы  трансферттер:

  1. Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбекақысын 25% - ға ұлғайту. Бұл трансферттер Алға ауданының мемлекеттік балабақшаларында жұмыс істейтін 129 педагогтың лауазымдық жалақысын арттыруға бағытталған. Трансферт сомасы 119 528,0 мың теңгені құрайды.
  2. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбекақысын 25% - ға арттыру. Бұл трансферттер Алға ауданының мемлекеттік мектептерінде жұмыс істейтін 1279 педагогтың лауазымдық жалақысын арттыруға бағытталған. Трансферт сомасы 620 816,0 мың теңгені құрайды.
  3. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы. Алға ауданында 508 педагогтің біліктілік санаты бар: педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер. Трансферт сомасы 340 424,0 мың теңгені құрайды
  1. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге "Ауыл-Ел бесігі"жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі арнайы және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер. Трансферт сомасы 20351,0 мың теңгені құрайды. Ағымдағы жылы трансферт аясында Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылындағы Маржанбұлақ орта мектебінің спортзалына күрделі жөндеу жүргізілді. Шарт сомасы 15674,0 мың теңгені құрады. Үнемделген 4677,0 мың теңге қаражат бюджетке қайтарылды
Дата публикации
01 декабря 2020
Дата обновления
01 декабря 2020
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
2026 жылғы 1 қыркүйек айына Мәдениет және спорт басқармасы бюджетінің атқарылуы
21 октября 2026
2026 жылғы 1 казан Маржанбұлақ ауылдық округі бюджетінің орындалуы
21 октября 2026
2026 жылғы 30 қыркүйек айына Алға ауданы «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша бюджеттің атқарылуы.

Социальные медиа

algaakimat
Alga Aydany Akimdigi

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы