Меню

Страницы

Статья

2024 жылы Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жартыжылдықта атқарылған жұмыстары туралы ақпараты

Алға ауданының мәдениет саласы бойынша барлығы 30 мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетеді. Атап айтсақ: аудандық мәдениет Үйі, қалалық саңыраулар клубы, 8-ауылдық мәдениет Үйлері, (Бестамақ, Үшқұдық, Маржанбұлақ, Ақай, Тоқмансай, Есет батыр, Самбай, Тікқайың)  3-ауылдық клуб (Тамды, Қарахобда, Қарабұлақ).

1-аудандық орталықтандырылған кітапханалар желісі, 1-І.Мәмбетов атындағы балалар кітапханасы, 13-ауылдық кітапхана, 1-аудандық музей және Есет батыр мемориалдық кешені,

 Ауданның мәдениет саласында барлығы-196 қызметкер жұмыс жасайды. Оның ішінде шығармашылық қызметкерлер саны-74

2024 жылы Алға аудандық мәдениет үйінде 2024 жылы 6 ай аралығында өткізілген мәдени шаралар саны-338. Оған қатысушылар саны-84 149

Аудан бойынша үйірмелер саны–43, қатысушылар саны–286. Оның ішінде  балалар үйірмесі-22, қатысушылары саны–211. «Халықтық», «Үлгілі» атақтары бар ұжымдар  саны–6.  Оған қатысушылар саны-64.

 Олар: «Алға ТВ» халықтық кино студиясы, «Заманай» халықтық драма театры, «Айгөлек» Үлгілі би ансамблі, «Достар» және «Ақжол» халықтық квартеттері, «Аллажар» халықтық отбасылық ансамблі.

Материалдық техникалық базаны нығайту мақсатында 6 айда жергілікті бюджеттен- 7 965,0 мың. тг бөлініп, қаражат жұмсалды.

 (4125,0мын. тг- Тікқайың ауылдық мәдениет үйіне қосымша жылу қазандығы және Қарақұдық мәдениет үйіне  қазандық сатып алу және орнатуға  жұмсалды., 3840,0 мың тг-Ақай, Самбай, Қарахобда ауылдық мәдениет үйлеріне музыкалық аппаратулар сатып алынды).

Маржанбұлақ ауылдық мәдениет үйіне жылыту қазандығын ғимарат ішіне орналастыру үшін екі жылыту қазандығын  сатып алу мақсатында  кезекті мәслихат сессиясына бюджеттік өтінім  ұсынылды. Қазіргі таңда жылыту қазандығы жергілікті мектеппен бірге сол мақсатта дербес  қазандық  сатып алу жоспарлануда.

Сонымен қатар мәдениет үйінде ұйымдастырған аудандық байқауларға жоспарланған қаржы-22 000,0мың.тг. Оның ішінде бүгінгі күні игерілгені-8340,0мың.тг. Игерілмегені- 13660,0мың.тг.    

 «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша-169 759,0мың.тг наурыз айындағы мәслихат сессиясынан Қарақұдық ауылдық мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмысына бөлінді. 146280,0 мың теңгеге 23-ші сәуірінен бастап рейтингтік балдық хабарлама берілді.15 сәуірде хабарландыру беріліп, нәтижесінде Мердігер: «Стронеф»ЖШС жеңімпаз атанып, сомасы 160 557,0мың тг. ұтып алды. Келісім шарт 22.05.2024 жылы  № 42 жасалып, қазірігі таңда жұмыстар жүргізілуде.

     Жазғы уақытта қала тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізу мақсатында  орталық саябақта әр аптаның жұма күндері «Ел іші-өнер кеніші» атты ауыл күндері өткізілуде.

   Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ақыны, жерлесіміз Ізтай Мәмбетовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Жыр әлемінің- Ізтайы»  атты ауқымды  поэзия  кеші өтті. М.Мақатаевқа арналған «Әр өлеңі бір әлем» атты поэзия кеші т.б.

Алға аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі:

Алға  ауданында  барлығы 15 кітапхана  халыққа  қызмет  көрсетеді.

13 кітапхана  ауылдық  жерде  орналасқан.

  • 2 модельді кітапхана   (Есет батыр, Маржанбұлақ).

  • 3 Коворкинг орталығы ( Бестамақ, Ақай, Үшқұдық).

       2024 жылы кітапхана қорын жаңа әдебиеттермен толықтыру мақсатында жергілікті бюджеттен кітап сатып алуға-3150,0 қаражат бөлінді, оқырмандар сұранысына сай кітаптар таңдалынып, порталға  енгізілуде.

Аудан бойынша  кітап қоры- 274704, оның ішінде мемлекеттік тілде-88061,

ауылдық жерде-156308.  Пайдаланушылар саны-9673, оның ішінде ауылдық жерде-5218.  Берілім саны-139369, оның ішінде ауылдық жерде-69352.  Келушілер саны-52807, оның ішінде ауылдық жерде-22042.

       Алға аудандық орталықтандырылған  кітапхана  жүйесінде  2024 жылдың 6айында-219 мәдени көпшілік  шара  ұйымдастырылды. Оның ішінде ауылдық   жерде-174.

Ақын-жазушылардың мерейтойлары, атаулы күндер қарсаңында поэзиялық кеш,  танымдық сағаттар, кітап көрмелері ұйымдастырылды. Кітапхананың имиджін көтеру мақсатында қазақтың көрнекті ақыны, алғыр  журналист,  зиялы  азамат, жерлесіміз Ізтай Мәмбетовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Өмірге  құштар ақын еді...», «Жақсы сөзін себуге көмейдегі, жақсы адамның  қалайды көбейгенін», «Жыр әлемінің Ізтайы» атты  әдеби кеш, танымдық сағаттар  ұйымдастырылды.  Сонымен қатар  көрнекті  ақын жазушылардың  шығармашылығын  насихаттау  мақсатында  Ә.Тәжібаев, М.Мақатаев, С.Жиенбаев, Б.Соқпақбаевқа  арналған  мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, БАҚ, әлеуметтік желілерде жарияланды.

Дата публикации
24 ноября 2020
Дата обновления
24 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Бұқаралық ақпарат құралдарына және онлайн-платформаларды пайдаланушыларға арналған сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді жариялау жөніндегі АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
23 октября 2026
2026 жылғы 1 қазан айына Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бюджетінің орындалуы
23 октября 2026
Алға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бюджетінің орындалуы 2026 жылғы қыркүйек айының

Социальные медиа

algaakimat
Alga Aydany Akimdigi

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы