Меню

Страницы

Статья

«Алға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бойынша 2022 жылғы қорытынды есебі

Спорт ғимараттар бойынша негізгі көрсеткіштер.

Алға ауданы бойынша 145 спорт нысаны бар. Олар:                                                                                               1500 орынға арналған мінбелері бар 1 стадион;                                                                       1 дене шынықтыру және сауықтыру спорттық кешені;                                                      3 атқыштар тирі                                                                                                                   5 хоккей корты                                                                                                                           99 жазықтық құрылғылары                                                                                                       1 жүзу бассейні                                                                                                                   35 спорттық зал:                                                                                                                         -26 білім беру мекемелеріндегі спорт залдары                                                                                    -1 спорт мектебі

  2021 жылмен салыстырғанда 5 нысанға артық: Бестамақ ауылындағы самокатты- роликті спорт алаңы, Қайнар ауылындағы спорт алаңы, Тоқмансай ауылындағы спорт алаңы, Самбай ауылындағы спорт алаңы,  Қарабұлақ ауылындағы спорт алаңы.

Дене шынықтыру және спорт саласындағы  қызметкерлердің саны- 165 (өткен жылмен салыстырғанда қосылған мамандар: 8 спорт нұсқаушысы, 4 дене шынықтыру пәні мұғалімдері, 14 спорттық клубтар, дене шынықтыру ұжымдарында,  оның ішінде ауылдық жерде 86, әйел қызметкерлер саны  28. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білімі бар жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдері  107, 74 мұғалім жоғары білімді, 33 арнаулы орта.   Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында - 4 , оның ішінде жоғары білімді- 4. 18  спорт бойынша жаттықтырушылар бар, 16 мұғалім жоғары білімді, 2  арнаулы орта. 15  спорт бойынша нұсқаушылар, 10 мұғалім жоғары білімді, 5  арнаулы орта. Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде жоғары білімді 4 маман, 5 жоғары білімді басқа дене шынықтыру және спорт қызметкерлері, 10 маман спорттық клубтар, дене шынықтыру ұжымдарында.

Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жұмыс бойынша негізгі көрсеткіштер. Алға ауданында 2022 жылғы есеп бойынша 41638 тұрғын бар. Оның ішінде дене шынықтырумен қамтылған халық саны – 17500  адам, 42 %.  Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 %-ға артық  (2021 жылы- 14670 адам). Дене шынықтыру-сауықтырумен қамтылған адам саны- 17500 (ауылдық жерде 7201 адам).   Оның ішінде 6570 әйел адамдар.

 6-13 жас аралығында- 3316  (ауылдық жерде 2139 адам)

14-29 жас аралығында-9452  (ауылдық жерде 4541 адам)

30 жастан жоғары- 4132 (ауылдық жерде 2227 адам)

 зейнеткерлер-600. (ауылдық жерде 294 адам)

 

Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын ұжымдар  саны- 119. Жалпы білім беру ұйымдары-29, кәсіптік білім беретін ұйымдар-2, аула клубтары-2, БЖСМ-1, Спорт ғимараттары базасындағы мекемелер мен ұйымдар -79, фитнес клубтар-6, ведомстволық спорт қоғамдары және спортты дамытуды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер-2.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде спорттық-сауықтыру топтарының саны-4, алғашқы дайындық топтарының саны -36, оқу-жаттығу топтарының саны-32, еркін күресінен 2 спорт шеберіне үміткер бар. 7 жасөспірім І санатты спортшы. Спорт мектебіндегі барлық жаттықтырушылардың саны- 34, оның ішінде штаттағы жаттықтырушылар-18. Оның ішінде жоғары санатты жаттықтырушы-1, бірінші санаттағы жаттықтырушы-3, екінші санатты жаттықтырушы-9.

Маржанбұлақ аула клубы 172 тәрбиеленушісі бар (бокс, тоғызқұмалақ, волейбол, теннис, шахмат) және «Жастық Жігер» аула клубы спорттық бағытында секцияларында («Жас турист», үстел теннисі, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ) 422 бала, мектеп жанындағы спорт секцияларында 5132 оқушы бар. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында-141 студент, БЖСМде -905 жасөспірім (баскетбол, бокс, волейбол, еркін күрес, әйелдер күресі, қазақ күресі, үстел теннисі, суда жүзу, тоғызқұмалақ, футбол).

Жан басына шаққандағы қаржыландыру бойынша 2 спорт секциясы қызмет етуде: Алға футбол федерациясы-52 бала, «Иран» жүзу бассейні-43 бала.

Ақылы спорт секциялары:

ММА аралас жекпе-жек 24 , таэквондо-35, Маржанбұлақ ауылында каратэ секциясы-35, Маржанбұлақ ауылында қазақ күресі секциясы-30, Үшқұдық ауылында қазақ күресі секциясы- 20, Бестамақ ауылында еркін күрес-60, Бестамақ ауылында таэквондо секциясы 40, «HardSport» спорт залында 62 адам жаттығады.

Спорт түрі бойынша секциялар саны-365. Спорт түрлері бойынша секцияда шұғылданатындар саны-7824.

Аудандағы 29 жалпы білім беру мектептеріндегі оқушылардың жалпы саны 8418. 2 орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында  289 (АИТК-212, медресе-колледж-177) студент бар.

2022 жылы ауданда «Белсенді өмір сүру орталығы» ашылып, 100 зейнеткерді сауықтыру шараларымен қамтып отыр. Сонымен қатар әлеуметтік тапсырыспен «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығы» 70 мүмкіндігі шектеулі жандарды қамтып отыр.

Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру жөнінде ақпарат. Алға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша есепті жылдағы қаржыландыру көлемі: аудандық іс-шаралар ұйымдастыруға 3,0 млн. тг, 1,0 млн. тг облыстық іс шараларға спортшыларды қатыстыру үшін..

БЖСМ бойынша есепті жылдағы қаржыландыру көлемі- 15,823,100 тг, ұйымның еңбекақы төлеу қоры- 12,8813,0 тг, спорт ғимараттары мен залдарды жалға алу- 4,400,0тг,  спортық іс-шараларға қатысуға және өткізуге бөлінген қаржы- 7,887.0 тг.

Аудан көлемінде 2022  жылы 190 спорттық іс-шара ұйымдастырылып,  10000 адам қамтылды.

Дата публикации
20 января 2020
Дата обновления
26 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
2026 жылғы 1 қыркүйек айына Мәдениет және спорт басқармасы бюджетінің атқарылуы
21 октября 2026
2026 жылғы 1 казан Маржанбұлақ ауылдық округі бюджетінің орындалуы
21 октября 2026
2026 жылғы 30 қыркүйек айына Алға ауданы «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша бюджеттің атқарылуы.

Социальные медиа

algaakimat
Alga Aydany Akimdigi

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы