2025 жылғы 21 желтоқсанында Алға ауданының Алға қаласы және Тамды ауылдық округі әкімдерінің сайлауы екі сайлау округі бойынша өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Алға ауданының Алға қаласы және Тамды ауылдық округі әкімдерінің сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Алға сайлау округі
Алға қаласы әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 14006 азамат енгізілді, олардың 6454-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 49, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны – 70.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бақытжанұлы Ж. – 5032; Жаналин Б.М. – 776; Жексембаева А.Ж. – 527.
Бақытжанұлы Жандарбек, 1987 жылы дүниеге келген, «Алға қаласы әкімінің аппараты» ММ әкімінің орынбасары, Алға қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған. Ақтөбе облысы Алға ауданы. Алға қаласының әкімі болып сайланды.
Тамды сайлау округі
Тамды ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1542 азамат енгізілді, олардың 618-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 10, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны – 9.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Мамытханов К.Б. – 46; Мирманов Т.С. – 194; Нуртазин М.К. – 359.
Нуртазин Марат Кудайбергенович, 1977 жылы дүниеге келген, «Жерұйық негізгі мектебі» КММ директоры. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының тұрғыны, «АУЫЛ» партиясы» РҚБ ұсынылған.Ақтөбе облысы Алға ауданы Тамды ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Алға аумақтық аудандық сайлау комиссиясы