Меню

Страницы

Статья

Аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес комиссияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді және аудандық полиция бөлімінен кәмелетке толмағандардың ата-аналарының міндетін дұрыс орындамау бойынша комиссия қарауына келіп түскен 2 ұсыныс қаралды. Комиссия шешімімен бала тәрбиесіне араласпаған ата-аналардың әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдарын сотқа жолдау шешімі шығарылды.

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиясы - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және  панасыз қалуының алдын алу, олардың құқықтарын және заңды мүдделерiн қорғау саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің  қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. 

Комиссия өз құзыреті шегінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және қалпына келтiру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен шарттарды анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан және қатыгездікпен қараудан, кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамға жат әрекеттерден қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады. 

2022 жылы комиссияның 24 отырысы өткізіліп, 60 мәселе көтерілді. Оның ішінде аудандық полиция және білім бөлімінен кәмелетке толмағандарға және олардың ата-аналарына қатысты 23 ұсыныс комиссия қарауына келіп түсіп, комиссия 11 - ата-аналарға ескерту, 18 - мектепшілік есепке қою, 2 - материалдық көмек көрсету, 13 - ата-ананы әкімшілік жауапкершілікке тарту, 2 - ата-ана құқығынан шектеу шешімдерін шығарды.

Дата публикации
31 января 2023
Дата обновления
31 января 2023
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Бұқаралық ақпарат құралдарына және онлайн-платформаларды пайдаланушыларға арналған сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді жариялау жөніндегі АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
23 октября 2026
2026 жылғы 1 қазан айына Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бюджетінің орындалуы
23 октября 2026
Алға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бюджетінің орындалуы 2026 жылғы қыркүйек айының

Социальные медиа

algaakimat
Alga Aydany Akimdigi

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы