2023 жылдың 18 қаңтарында Қарабұлақ ауылдық округі әкіміне «AMANAT» саяси партиясынан ұсынылған кандидат Әбіләшева Ләззат Мақсұтқызының отбасылық жағдайы бойынша өзінің кандидатурасын алып тастауға өтініш беруіне байланысты аудандық сайлау комиссиясы кандидаттықтан алып тастау туралы шешім қабылдады.