Алға ауданы 1933 жылы құрылған. Ауданның әкімшілік орталығы — Алға қаласы.
Алға қаласы 1912 жылы темір жол бойындағы №44 разъезд ретінде негізі қаланған. 1930-жылдардың басында разъезд Алға теміржол станциясы деп атала бастады. 1933 жылдан бастап ауданның экономикалық және әкімшілік орталығына айналды. 1961 жылға дейін Алға жұмысшы кенті мәртебесінде болды, ал 1961 жылы қала мәртебесін алды.
Аудан дала аймағында орналасқан, мал шаруашылығы жақсы дамыған. Ауданның жалпы жер көлемі — 7,3 мың шаршы шақырым, бұл Ақтөбе облысының жалпы аумағының 2,4 %-ын құрайды. Облыс орталығы — Ақтөбе қаласына дейінгі қашықтық 45 км.
Алға ауданы Хромтау, Мұғалжар, Темір, Қобда және Мәртөк аудандарымен, сондай-ақ Ақтөбе қаласымен шектеседі.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аудан халқының саны — 43,7 мың адам. Оның ішінде аудан орталығы — Алға қаласының халқы — 22,7 мың адамды құрайды.
Әкімшілік-аумақтық тұрғыдан аудан құрамына 1ауылдық округ және 29 ауылдық елді мекен кіреді. Олардың ішінде 12 елді мекен жоғары даму әлеуетіне ие, 17-сі — орта деңгейде. Ақтөбе агломерациясының құрамына 11 елді мекен енгізілген.
Аудан экономикасының басым салалары — ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібі.
Жалпы жер қоры — 731,3 мың га, оның ішінде ауыл шаруашылығы жерлері — 535,1 мың га. Соның ішінде жайылымдар — 393,0 мың га, егістік жерлер — 165,5 мың га, шабындықтар — 7,5 мың га, суармалы жерлер — 3,4 мың га.
Аудан аумағында барланған және әлеуетті қатты пайдалы қазбалар қоры бар. Оларға фосфориттер, құрылыс құмы, саз және кірпіш шикізаты жатады.