«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9)тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабына сәйкес 2025 жылғы 21 желтоқсанда өткен Алға ауданының Алға қаласы және Тамды ауылдық округінің әкімдерінің сайлау қорытындысы туралы Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасының негізінде:
Бақытжанұлы Жандарбек, 1987 жылы дүниеге келген, «Алға қаласы әкімінің аппараты» ММ әкімінің орынбасары, Алға қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған Алға қаласының әкімі болып тіркелді.
Нуртазин Марат Кудайбергенович, 1977 жылы дүниеге келген, «Жерұйық негізгі мектебі» КММ директоры. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының тұрғыны, «АУЫЛ» партиясы» РҚБ ұсынылған Тамды ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.