Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Алға ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметкерлеріне лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстеме ақыларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Алға ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Алға ауданының жергілікті атқарушы органдарының айқындаған тәртібі мен шарттарына сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Алға ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелеріндегі азаматтық қызметшілерінің (жүргізушілерінің) лауазымдық айлықақыларына - 50 % мөлшерінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.

  2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес ынталандыру үстемеақылары белгіленетін мемлекеттік мекемелер бекітілсін.

  3. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
11 декабря 2025