Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қаласы және Тамды ауылдық округінің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі кандидаттарды тіркеді:

 Алға қаласы бойынша:

Бақытжанұлы Жандарбек, 1987 жылы дүниеге келген, «Алға қаласы әкімі аппараты» ММ Алға қаласы әкімінің орынбасары. Алға ауданы Алға қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.

Жаналин Баймұрат Махамбетұлы, 1993 жылы дүниеге келген, «Алға аудандық мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бөлім басшысы. Алға ауданы Алға қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Жексембаева Әлия Жеңісқызы, 1988 жылы дүниеге келген, «Алға аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ бөлім басшысы. Алға ауданы Алға қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Тамды ауылдық округі бойынша:

 Нуртазин Марат Құдайбергенұлы, 1977 жылы дүниеге келген, «Жерұйық негізгі мектебі» КММ директоры. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының тұрғыны, «АУЫЛ» партиясы» РҚБ  ұсынылған.

Дата публикации
27 ноября 2025