Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 130 «Алға ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 130 «Алға ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6092 тіркелген) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі

Дата публикации
23 октября 2025