Орналасуы: Алға ауданы – Ақтөбе облысының орталық бөлігінде орналасқан.
Аумағы: Ауданның жалпы аумағы – 7,5 мың шаршы шақырымды құрайды. Аудан 12 әкімшілік-аумақтық ауылдық округке және 1 қалалық округке бөлінген. Аумағында 30 елді мекен бар, онда 30-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Алға ауданындағы халықтың тығыздығы – 1 шаршы шақырымға 5,4 адамнан келеді.
Шекаралас аймақтар мен аудандар: Алға ауданы: солтүстігінде – Ақтөбе қаласымен және Мартөк ауданымен, солтүстік-шығысында – Хромтау ауданымен, оңтүстік-батысында – Темір ауданымен, батысында – Хобда ауданымен, оңтүстігінде – Мұғалжар ауданымен шектеседі. Аудан 1933 жылы құрылған.
Ауылдық округтер саны: Әкімшілік жағынан аудан 12 ауылдық округке бөлінген, олардың құрамына 29 елді мекен кіреді.
Халық саны (жалпы, ерлер, әйелдер, балалар): 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша аудан халқы – 43 794 адамды құрады. Оның ішінде: ер адамдар – 21 970, әйелдер – 21 824, 18 жасқа дейінгі балалар – 14 454.
Мүгедектер: I топтағы мүгедектер – 99 адамII топтағы мүгедектер – 502 адам