Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 33 бабының 5 тармағына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған Алға ауданының жергілікті атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
Алға ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
«Алға ауданының жергілікті атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 17 наурыздағы № 71;
«Алға ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 71 «Алға ауданының жергілікті атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 12 маусымдағы № 156.
Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.