Аудан құрғақ та, ыстық дала аймағында орналасқан. Тұрақсыз қыратты егін шаруашылығы және дамыған мал шаруашылығымен ерекшеленеді. Ауданның аумағы 7507 шаршы км немесе 750,7 мың га, оның ішінде егістік жерлері 200,2 мың га, жайылым 501,7 мың га. Аудан бойынша халықтың тығыздығы орташа 1 шаршы шақырым жерде 5,9 адам құрайды Облыстың төрт ауданымен шектеседi (Мұғалжар, Темір, Хобда және Ақтөбе қ.). 2016 жылдың 1 - қаңтарына аудандағы халық саны 40,3 мың адам. Әкiмшiлiк орталығы 20,2 мың адам тұрғынымен Алға қаласы болып табылады. Аудан 13 әкімшілік – аумақтық округке бөлінген онда 12 селолық және 1 қалалық округ ұйымдастырылған.
Аудан экономикасының негізгі бағыты - өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірісі.