Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Алға аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Карахобда ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 249 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 85 бабының 3 тармағына, 91 бабының 3 тармағына, 94 және 96 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Карахобда ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 269 160 мың теңге:
салықтық түсімдер – 5 259 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 160 мың теңге;
трансферттер түсімі - 263 741 мың теңге;
2) шығындар – 272 204,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті)– - 3044,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3044,7 мың теңге:
қарыздар түсімі - 0 теңге;
қарыздарды өтеу - 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 3044,7 теңге.»;
көрсетілген шешімдегі 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.