Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Алға аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Қарақұдық ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №248 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімінің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 85 бабының 3 тармағына, 91 бабының 3 тармағына, 94 және 96 баптарына, Қазақстан Республисының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, Алға аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Қарақұдық ауылдық округ бюджеті 1,2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 321 192,5 мың теңге:
салықтық түсімдер – 8 632 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 30 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 232 мың теңге;
арнаулы түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі - 312 295,5 мың теңге;
2) шығындар – 321 593,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті)– - 401,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 401,4 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 401,4 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімдегі қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.