Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №242 «2025-2027 жылдарға арналған Алға қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Алға аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Алға қаласының бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №242 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

аталған шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 85 бабының 3 тармағына, 91 бабының 3 тармағына, 94 және 96 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған Алға қаласы бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 795 964,3 мың теңге:

салықтық түсімдер – 223 004 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 964 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер- 11 577 мың теңге;

арнаулы түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі  -  560 419,3 мың теңге;

2) шығындар –  814 037,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу- 0 теңге:

бюджеттік кредиттер -  0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу  - 0  теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу  - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер- 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті)- - 18 072,9 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)- 18 072,9 теңге:

қарыздар түсімі- 0 теңге;

қарыздарды өтеу- 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары- 18 072,9 теңге.»;

көрсетілген шешімдегі 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
12 июня 2025