Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Алға аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Тамды ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 252 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 85 бабының 3 тармағына, 91 бабының 3 тармағына, 94 және 96 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Тамды ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 74 614 мың теңге:
салықтық түсімдер - 23 943 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
арнаулы түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі - 50 671 мың теңге;
2) шығындар - 79 836,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -5 222,9 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 5 222,9 теңге:
қарыздар түсімі - 0 теңге;
қарыздарды өтеу - 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 5 222,9 теңге.»;
көрсетілген шешімдегі 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.