Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 251 "2025-2027 жылдарға арналған Сарықобда ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Алға аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Сарыхобда ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 251 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған Сарыхобда ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер- 58 977 мың теңге:

салық түсімдері-6 785 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі - 52 192 мың теңге;

2) шығындар - 62 578.8 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:

бюджеттік кредиттер - 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу-0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -3 601,8 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 3 601,8 теңге:

қарыздар түсімі-0 теңге;

қарыздарды өтеу - 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 3 601,8 теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімдегі қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
12 июня 2025