«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9)тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабына сәйкес 2025 жылғы 18 мамырда өткен Алға ауданының Алға қаласы, Бесқоспа, Қарағаш, Тоқмансай, Үшқұдық ауылдық округтері әкімдерінің сайлау қорытындысы туралы Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасының негізінде:
Сурбаев Нурбол Есенкелдіұлы, 1976 жылы дүниеге келген, «Алға қаласы әкімінің аппараты» ММ әкімі, Алға қаласының тұрғыны, Ақтөбе облысы Алға ауданы, өзін-өзі ұсынған, Алға қаласының әкімі болып тіркелді.
Таженов Нұржан Надірханұлы, 1980 жылы дүниеге келген, «Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы, Ақтөбе қаласының тұрғыны, Ақтөбе облысы Алға ауданы, «AMANAT» партиясы ұсынған, Бесқоспа ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Қаратаев Ғалым Жалғасбайұлы, 1988 жылы дүниеге келген, «Алға ауданы әкімінің аппараты» ММ бас инспекторы, Алға қаласының тұрғыны, Ақтөбе облысы Алға ауданы, «Ауыл» ХДПП партиясы ұсынған, Қарағаш ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Кушкимбаев Шоқан Жоламанұлы, 1985 жылы дүниеге келген, «Тоқмансай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Қайнар ауылының тұрғыны, Ақтөбе облысы Алға ауданы, өзін-өзі ұсынған, Тоқмансай ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Ақдәулетов Берік Әбдіғаппарұлы, 1971 жылы дүниеге келген, «Үшқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Үшқұдық ауылының тұрғыны, Ақтөбе облысы Алға ауданы, өзін-өзі ұсынған, Үшқұдық ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.