Алға ауданының прокуратурасымен алимент өндіру туралы атқару құжаттарының орындалу заңдылығына тұрақты қадағалау жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде аудан прокуратурасыныңүйлестіруімен сот орындаушылармен 7,2 млн. теңге алимент бойынша берешек өндірілді.
3 жұмыссыз борышкер аудандық Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқаорналастырылды.
Соған қоса, берешегін өтеуден қасақана жалтарып жүрген 6 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 9борышкер іздеуге жарияланып, 5 борышкердің көлік жүргізу құқығы уақытша тоқтатылды.
Алимент бойынша берешекті өндіру аудан прокуратурасының тұрақты бақылауында.