Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Баспасөз – релизі

 Алға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы  № 78  «Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

       «Алға  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Алға  аудандық  мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 78 «Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы (бұдан әрі - шешім жобасы) әзірленді.

Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 750 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы     № 523 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы  негізінде әзірленді.

Шешім жобасы Алға ауданы әкімдігінің сайтында және ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 29 қазан 2024 жылы орналастырылды.

        

Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар 

бөлімінің басшысы                                                                 С.Муканов

Дата публикации
29 октября 2024