Алға ауданық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Алға ауданы Ақай, Бестамақ ауылдық округтер әкімдеріне
кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының
Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округтер әкімдеріне келесі кандидаттарды тіркеді:
Ақай ауылдық округі бойынша:
- Досжанов Талғат Дүйсенбайұлы – 1971 ж.т., «Алға ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Алға ауданы Бестамақ ауылының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
- Дубаев Арман Жұмағұлұлы -1993 ж.т., «Алға ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік-құқықтық және қаржылық жұмыстар бөлімінің басшысы, Алға ауданы Алға қаласының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған;
- Мұналбай Тоқмұрат Аманұлы – 1997 ж.т., «Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Алға ауданы Ақай ауылының тұрғыны, қазақ, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Бестамақ ауылдық округі бойынша:
-
Аппазов Данияр Бекжанұлы – 1996 ж.т., «Алға қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің әкімінің орынбасары, Алға ауданы Алға қаласының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
- Даулеталин Қанат Сағынғалиұлы – 1978 ж.т., «Бестамақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі, Алға ауданы Бестамақ ауылының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
- Құрамысов Әлішер Әділғалиұлы – 1994 ж.т., «Қарақобда ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Алға ауданы Қарақобда ауылының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.