Алға ауданында тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

«Тұрғын  үй  қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының 10-2 бабына және «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына сәйкес Алға аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Алға ауданында тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Алға  аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
26 января 2024