Алға ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті  төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінің 696-3-бабының              5 тармағына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Алға ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану  кезінде төлем көзінен  ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының  мөлшерлемесін салық кезеңінде  алынған (алынуға жататын) кірістер  бойынша 4%-дан 2%-ға дейін төмендетілсін.

  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Дата публикации
23 января 2024