Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 347 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»» бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33826 болып тіркелген), Алға аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін турістік жарна мөлшерлемелері болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде ставка бекітілсін.
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.