2023 жылдың 06 қаңтарында 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды. Ауданда 1 сайлау округі бойынша 5 кандидат ұсынылды, оның 1-ін (20%) - саяси партия ұсынды және 4-і (80%) - өзін-өзі ұсыну арқылы.
«AMANAT» партиясы 1 кандидат ұсынды.
Орташа бәсекеге қабілеттілік 5 адамды құрайды.
5 кандидаттың 1-уі өз қалауы бойынша кандидатурасын алып тастады, 1-уі мемлекеттік қызмет агенттігінің мәліметі бойынша заңнама талаптарына сәйкес еместігі анықталды.
Ағымдағы жылдың 06 қаңтардағы жағдай бойынша округке 3 адам ұсынылды.
Егер кандидаттар шығып қалса және басқа балама болмаса (сайлау округі бойынша екі кандидаттан аз), заңға сәйкес ұсыну кезеңі бес күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Қазіргі уақытта ұсынылған 3 кандидат заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау шараларынан өтті.