Сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес, бүгін 23.04.2023ж. жергілікті уақытпен сағат 18.00-де ауданымызда Тамды ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу аяқталды.
Сайлау науқаны басталғаннан бері 6 адам ұсынылды, 3 кандидаттың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталып, олар кандидаттықтан алып тасталынды.
Ағымдағы жылғы 23 сәуірдегі жағдай бойынша, 3 кандидат тіркелді, оның ішінде 1 кандидат – «АМАNАТ» партиясынан, 2 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Бір округке орташа бәсекелестік 3 адамды құрады.
Кандидаттардың орташа жасы 43, ең жасы 29-да, жасы үлкені 51-де.
Алға ауданындағы Тамды ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидаттардың тізімі
Досжанов Талгат Дуйсенбаевич
Дубаев Арман Жумагулович
Сейдалиев Аманкелды Куанышбаевич