Алға аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

Алға аудандық сайлау комиссиясының қаулысы 

Алға аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және Алға аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 47 «Алға аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау комиссияларын құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алға аудандық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 12 округтік сайлау комиссиялары құрылсын
  2. Алға аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Алға аудандық мәслихатына жіберілсін.
  3. 3. Осы қаулы Алға аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

  

Комиссия төрағасы                                                     А.Әбіләшев                                    

 Комиссия хатшысы                                                     М.Ағниязова

 Алға қаласы, 2022 жылғы 29 желтоқсан, № 48

 

Алға аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы
Дата публикации
29 декабря 2022