Алға ауданының Қарабұлақ ауылдық округ әкімінің кезектен тыс сайлауы жөнінде сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Алға аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Алға ауданының   Қарабұлақ    ауылдық    округі   әкімінің кезектен тыс

сайлауы  жөнінде сайлау округі құрылсын:

Қарабұлақ сайлау округі - Қарабұлақ ауылдық округі аумағының шекараларында.

  1. Сайлау округі туралы хабарлама сайлау округінің шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Алға аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінде жариялансын.
Алға аудандық сайлау комиссиясының қаулысы
Дата публикации
23 декабря 2022