2022 жылдың 2 тоқсанда өткен кездесулер барысында қала және аудан тұрғындарынан түскен сұрақтарын іске асыру жөніндегі жоспарларының орындалуы

№

Айтылған ескертулер және ұсыныстар

Орындалу жағдайы

(шешу жолдары)

Орындалу сатысы (орындалды / орындалуда)

Алға ауданы

1.              

Ақай ауылының өрт сөндіру бекетін көлікпен қамтамасыз ету.

Ақай ауылының өрт сөндіру бекетін көлікпен қамтамасыз ету мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің пайдалануындағы ЗИЛ автокөлігі берілді.

Орындалды

2.              

Ветеринариялық станция маманына қала әкімдігі ғимаратынан уақытша жұмыс бөлмесін қарастыру

Алға қаласында орналасқан «Әкімдік азаматтар үшін» ғимаратында ХҚО-ның ішінде тұрғындарды тікелей қабылдауға арналған алаң орналасқан. Сол алаңда ветеринария станциясы мекемесінің маманына тұрғындарды тікелей қабылдау жүргізетін орын қарастырылды.

Орындалды

3.              

Қызылту ауылынан Бесқоспа ауылына дейінгі жолды автогрейдермен тегістеу

Қызылту ауылынан Бесқоспа ауылына дейінгі жолды автогрейдермен тегістеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда көлік қатынасы қалыпты жағдайда.

Орындалды

4.              

Тоқмансай ауылына мал қамау ауласын (раскол) орнату.

ЖСҚ: 2,5 млн.теңге сомасына әзірленді.

Мердігер: «Jety Qazyna» ЖШС

Қаржыландыру: аудандық бюджеттен 2,5 млн. теңге бөлінді.

 Мал қамау ауласы Тоқмансай ауылының солтүстік бетіне қондырылды

Орындалды

5.              

Көлтабан ауылының медициналық қызметкерін үймен қамтамасыз ету.

ЖБ - 2,5 млн.теңге қаражат бөлінді.

Үй сатып алынып, а.ж. 10 қыркүйегі пайдалануға берілді .

Орындалды

6.              

Жерұйық ауылына кіреберіс жолының күрделі жұмыстарын жүргізу.

ЖСҚ – 258,3 млн.теңге соммасына әзірленді.

Мердігер анықталды – «ТенгриСтройИнвест» ЖШС.

Қаржыландыру – ОБ 219,8 млн.теңге бөлінді.

Жұмыстардың басталу мерзімі – а.ж. маусым айында басталды.

Жұмыстардың аяқталу мерзімі – а.ж. 15 қарашасына дейін жоспарланған.

Орындалуда

7.              

Үшқұдық ауылының ауылішілік жолдарының жөндеу жұмыстарын жүргізу.

ЖСҚ – 185,7 млн.теңге соммасына әзірленді.

Мердігер анықталды – «КазСтройМагнум» ЖШС.

Қаржыландыру – ҰҚ-165,3 млн.теңге және ОБ-18,2 млн.теңге бөлінді.

Жұмыстардың басталу мерзімі – 2021 жылдың қараша айы.

Жұмыстардың аяқталу мерзімі – а.ж. 15 қарашасына дейін жоспарланған.

Орындалуда

8.              

Тікққайң ауылына өзін - өзі басқару және қоғамдық кеңестің жұмысын жандандыруды ұйымдастыру

Ағымдағы жылдың қараша айында жергілікті қауымдастықтың жалпы отырысы өтеді. Сол кезде жаңа мүшелер тағайындалып, 2023 жылы жаңа құрам өз міндетін атқаратын болады.

Орындалуда

9.              

Маржанбұлақ ауылының су ұңғымаларына  сүзгі орнату

Ашық конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу жұмыстарының қорытындысы негізінде «KhaN2022» ЖШС-мен 14 560 мың теңгеге келісім шарт рәсімделді.

Жұмыстардың басталу мерзімі – а.ж. маусым айына жоспарланған болатын.

Мердігер келісім шарт талаптарын бұзуына байланысты, мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану бойынша сотқа талап-арыз жолданды.

Орындалуда

2022 жылдың 2 тоқсанда өткен кездесулер барысында қала және аудан тұрғындарынан түскен сұрақтарын іске асыру жөніндегі жоспарларының орындалуы
Дата публикации
22 октября 2022