Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру туралы

Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 203 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 мамырда № 6199 болып тіркелді

       Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар, 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  2. Сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар, 2 қосымшаға сәйкес берілсін.
  3. Алға ауданының әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

       1) Алға ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 330 "Сайлау өткiзу кезеңiнде кандидаттардың үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiлеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4022 тіркелген, 2014 жылғы 9 қыркүйекте аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған);

       2) Алға ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 258 "Сайлау өткiзу кезеңiнде кандидаттардың үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiлеу туралы" Алға ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 330 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4427 тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

  1. "Алға ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қонжарға жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі

Н. Алдияров

Барлық кандидаттар үшін
Дата публикации
26 октября 2022