2023 жылға арналған Алға ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, 27 бабының 1 тармағының 2), 3), 4) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 104546 болып тіркелген)  бұйрығына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған Алға ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
  2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған Алға ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
2023 жылға арналған Алға ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Дата публикации
26 октября 2022