2022 жылдың 3 тоқсанда өткен кездесулер барысында қала және аудан тұрғындарынан түскен сұрақтарын іске асыру жөніндегі жоспарларының орындалуы

№

Айтылған ескертулер және ұсыныстар

Орындалу жағдайы

(шешу жолдары)

Орындалу сатысы (орындалды / орындалуда)

Алға ауданы

  1.  

Көктоғай ауылының ауыл тұрғындарының малдарының жайылым жерлерінің орнын және шекарасын бекіту

 

Көктоғай ауылының ауыл тұрғындарының малдарының жайылым жерлерінің орны  және шекарасы  бекітілді (округ сызбасы ағымдағы жылдың қараша айында енгізілген өзгерістеріне сәйкес дайын болады)

Орындалды

  1.  

Қарақұдық ауылының кіреберіс жолында орналасқан сайды арнайы техникамен тазарту

 

Мердігер: «Ербол-ЭЛЬ» ЖШС

Қаржыландыру: демеушілік

Жұмыстың басталу мерзімі: 02.09.2022 ж

Қарақұдық ауылының кіреберіс жолында орналасқан сайды арнайы техникамен тазарту жұмыстары ағымдағы жылдың 2   қыркүйек күні жүргізілді.

Орындалды

  1.  

Ақсазды ауылының Жасыл көшесіне қосымша екі жарық шамын орналастыру

 

Қосымша екі жарықтын орналасатын аумағы үлкен болғандықтан (арақашықтығы) қазіргі таңда мемлекеттік сатып алуға құжаттары дайындалып, қараша айының басында екі жарық орнатылады.

Орындалуда

  1.  

Қарақұдық ауылдық округіндегі интернет мәселесін шешу

 

Мердігер: «Кар-тел» ЖШС

Қаржыландыру: өз қаражаты

Жұмыстың басталу мерзімі: 19.10.2022 ж

Жұмыстарды аяқтау мерзімі: 31.10.2022 ж

Ағымдағы жылдың 19 қазан күні Қарақұдық ауылында «Beelinе» мұнарасын қондыру жұмыстары басталды

Орындалуда

  1.  

Бесқоспа ауылының ауыз су сапасын қадағалау

 

Бүгінгі таңда Алға ауданының Бесқоспа ауылында орталық ауыз жүйесінің жұмысы бірқалыпты. Ағымдағы жылы орталық жүйеге механикалық сүзгілерді орнату арқасында ауыз судың сапасы жоғарылатылған болатын. Сонымен қатар, жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген қосымша 400 жер учаскесін толығымен ауыз сумен қамту мақсатында қазіргі уақытта ауылға қосымша су ұңғымасын құру жұмыстары қарастырылуда. Бұл мақсатта облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы арқылы ашық конкурс жариялау шаралары жүргізілуде.

Орындалуда

  1.  

Алға-Самбай тас жолының бойындағы көпіріне жөндеу жұмыстарын жүргізу

 

ЖСҚ: Демеушілік:

Мердігер: Анықталуда:

Қаржыландыру: Жергілікті бюджеттен 55 млн.теңге бөлінді:

Жұмыстардың басталу мерзімі:Мердігер анықталуына қарай:

Жұмыстарды аяқтау мерзімі: 2023 жыл 31 желтоқсан.

Орындалуда

жоспарларының орындалуы
Дата публикации
22 октября 2022