Құрметті алғалықтар, қадірменді жерлестер!
Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толды. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектігі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік аппаратты нығайту, денсаулық сақтау, халықтың әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту және жаңа жағдайда экономикалық дамудың негізгі басым бағыттары айқындалды.
Қалыптасқан дәстүр бойынша әдеттегідей жыл бойы жасалған жұмыстар жайлы қорытынды есебімнің тезистерін алдын ала жариялап отырмын. Осы орайда, жыл бойы атқарылған жұмыстарға рет-ретімен тоқталып өтейік.
Ауданның экономикалық дамуының басты көрсеткіштерінің бірі – бюджетке түсетін салық түсімдері болып табылады. Есепті кезең бойынша салық түсімдері өткен жылмен салыстырғанда 137,9%-ға артығымен орындалды. Ауданның бюджеті толығымен игерілді, орындалуы 96,9%-ды құрап отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауданның негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі де өткен кезеңмен салыстырғанда 118,9%-ға өсім байқалуда