Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Алға ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Алға ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 ақпандағы №89 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8068 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қазақ тіліндегі тақырыбындағы «белгілеу» деген сөз «айқындалсын» деген сөзбен ауыстырылсын. Орыс тіліндегі тақырыбы өзгеріссіз қалдырылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің орынбасары Г.Ж.Ахметоваға жүктелсін
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.