Алға ауданының тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету

Ағымдағы жылдың 1 қазанына аудан бойынша құрамында 1641 адамы бар 320 отбасына 70164,2 мың тг. атаулы әлеуметтік көмек төленді.  Кепілдірілген әлеуметтік пакеттерге 71164,2 мың тг. қаражат бөлініп 18500,0 мың тг. игерілді. Бүгінгі күнге 474 бала кепілдірілген әлеуметтік пакеттерімен қамтылды. Тамыз, қыркүйек айларына атаулы әлеуметтік көмек алушы 223 отбасына дәрі-дәрмек қобдишалар табыс етілді.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардан 20 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды: 8 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді, 10 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 1 адам жастар практикасына жолданды және 1 адам қайтарымсыз грант алды

Оказание социальной помощи жителям Алгинского района
Дата публикации
04 октября 2021