Жұмыспен қамту бағдарламаларының орындалуы туралы

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамтыу 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылға 3060 адамды  жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланды. Бүгінгі таңда төмендегідей көрсеткіштер орындалды.

Жұмыссыздарды бос жұмыс орындарына орналастыруға - 1760 адам, орындалғаны – 1518 (86,3%).

Қысқа мерзімді оқыту бойынша – 85 адам, орындалғаны 87 (102,3%).

Жыл соңына дейін 127 әлеуметтік жұмыс орындарын ашу жоспарланып, бүгінгі күнге дейін 110 адам жолданды (86,6%).

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 793, орындалғаны –824 немесе жылдық жоспар 104 %-ға орындалды. Оның ішінде:

  • «Жасыл ел» жасағына – 350 студент жоспарланып бүгінгі күнге дейін 353 адам жылдық жоспар 101%-ға орындалды.  «Бастау бизнес» курсына 70 адамды оқыту жоспарланып, барлығына жолдама берілді. Жыл басынан бері курс оқуға 303 адам тіркелді. Қазіргі таңда 75 азамат оқуды аяқтап, сертификат алды.

Қайтарымсыз гранттар 78 бөлінді (РБ -50; ЖБ-28). Орындалғаны – 68 (87,2%).

Шағын несиелендіруге ағымдағы жылға 77 жоба (340 млн тг.) несие жоспарланып. Орындалғаны –  76 жоба 315,0 млн.теңге.

Жастар тәжірибесіне - 127 адам жоспарланып, орындалғаны – 123 адам (96,8%).

Ұрпақтар келісімшарты бойынша жоспар 6 адам жоспарланып, 6-ы жолданды. Жоспар толығымен орындалды. Алғашқы жұмыс орны бойынша жоспар 7 адам. Орындалғаны – 7 (100%). 

 Қазіргі таңда жұмыссыз саны – 953 (5,1%). Оның ішінде, жұмыссыз жастар – 204 тіркеліп, 1,1% құрады.  

Ашылған жаңа жұмыс орындары бүгінгі күнге 1885 (жоспар 908) 207,6 % (о.і. тұрақты 644 жаңа жұмыс орын).

О выполнении программы занятости
Дата публикации
04 октября 2021