Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, 27 бабы 1 тармағының 2), 3), 4) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: