Бизнесті мемлекет тарапынан қолдау тетіктерінің бірі «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылғы жоспар 84 жоба. Бүгінгі күнге 429,6 млн.теңгеге 30 жоба қолдау алды. Жоспар 35,7 пайызға орындалды. Оның ішінде:
Жетіспейтін инфрақұрылым тарту бойынша 3 жоба 152,9 млн.теңгеге мақұлданды;
Субсидиялау бағыты бойынша 179,1 млн.теңгеге 16 жоба;
Ішінара кепілдендіру мақсатында 97,6 млн.теңге 11 жоба кепілдендірілді.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жоспар 28 жоба 120,0 млн.теңгеге. Бүгінгі күнге 191,7 млн.теңгеге 42 жоба несие алды. Жыл басынан несие алуға жұмыспен қамту орталығынан 68 адам 309,6 млг.теңгеге жолдама алды.